A- A A+
Президент бастамалары Солтүстiк Қазақстан тұрғындарына тың серпiн бердi

Мақаланың шыққан күні 03.04.2018

Президент бастамалары Солтүстiк Қазақстан тұрғындарына тың серпiн бердi

Астана, 3 сәуiр, Мәжiлiс үйi. Мәжiлiс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Солтүстiк Қазақстан облысына сапары барысында бiрқатар кәсiпорындарды аралап, еңбек ұжымдарымен кездестi.

Мәжiлiс Спикерi өңiрдегi iрi кәсiпорынның бiрi Киров атындағы зауытта болып, оның «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған жаңа жұмыс бағытымен танысты.

Еңбек ұжымымен жүздесу барысында Н. Нығматулин өндiрiстi жаңғырту маңыздылығын алға тарта келiп, Елбасы ұсынған әлеуметтiк бастамаларға айрықша назар аударды. Тұрғындар алдында баспаналы болудың, салықты азайтып, жалақыны көбейтудiң, жаңа табыс көзiн ашудың мүмкiндiктерi турасында жан-жақты баяндады. Сапалы бiлiм жайын сөз еткенде Мәжiлiс Төрағасы:

— Жоғары бiлiмнiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыру мақсатында қазiр жыл сайын бөлiнетiн 54 мың грантқа қосымша тағы 20 мың грант бөлiнедi. Оның көбi техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық бiлiм беруге арналады. Бұл жоғары бiлiм алудың қолжетiмдiлiгiн арттырумен қатар, төртiншi өнеркәсiптiк революция жағдайында сұранысқа ие болатын жаңа мамандарды даярлауға жол ашады. Сонымен бiрге, студенттердi жатақханамен қамтамасыз ету мәселесiн оңтайлы шешетiн болады, — дедi.

Президенттiк бес әлеуметтiк бастамаға кеңiнен тоқталған Палата Спикерi олардың барлығы отандық экономиканың нақты есебi жасалған мүмкiндiктерi бойынша қарастырылғанын атап өттi.

— Елбасының тапсырмасы бойынша Үкiмет арнайы Жол картасын жасады. Бұл Президентiмiздiң бастамаларын жүзеге асырудың нақты, жоспарлы қадамдары. Оған сәйкес, орындау тетiктерi мен мерзiмi белгiленiп, жауапты министрлiктер мен құрылымдар бекiтiлген, — деп атап өттi Н. Нығматулин.

Осы ретте Мәжiлiс Төрағасы қазiрдiң өзiнде Парламентте әлеуметтiк жаңғырту ауқымды бағдарламасын заңдық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстары басталғанына тоқталды.

— Президенттiк бес әлеуметтiк бастамалардың сапалы құқықтық-нормативтiк базасын құру Парламент депутаттарының осы сессиядағы жұмысының негiзгi басымдығы болып табылады, — дедi Палата Төрағасы.

Мәжiлiс Төрағасының пiкiрiнше, Парламент 15 шақты Заңдарға өзгерiстер енгiзбек. Олардың қатарында Азаматтық, Бюджеттiк, Салық кодекстерi, бiлiм турасында, банк және төлемдер туралы заңнамалық құжаттар бар.

Сонымен бiрге, 2019-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттi қарап, ағымдағы бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу көзделiп отыр.

Мәжiлiс Төрағасының ауылшаруашылығы өнiмiн өндiрушiлермен кездесуiнде де Елбасының бес әлеуметтiк бастамалары әңгiме өзегiне айналды.

Кездесу кезiнде әсiресе, шағын несиелеу, шағын және орта бизнестi дамыту, сондай-ақ, халықты еңбекпен қамту мәселелерiне айрықша назар аударылды.

— Елбасының тапсырмасы бойынша осы жылы қосымша 20 миллиард теңге бөлiнiп, шағын несиелердiң жалпы сомасы 62 миллиард теңгеге жететiн болады. Бұл өз iсiн ашқысы келетiн азаматтарға зор мүмкiндiк бередi.

Сондай-ақ, ауылдағы кәсiпкерлiктi дамыту үшiн өте қажеттi. Сондықтан, аталған әлеуметтiк жоба ауылдық тұрғындары көп сiздердiң облыс үшiн өте маңызды, — дедi Н. Нығматулин.

Өз кезегiнде бұл бастама ауыл халқының да ерекше қызығушылығын туғызды.

Кездесу барысында ауылшаруашлығына цифрлық технологияны енгiзу жайы да назардан тыс қалмады. Ол өнiмдiлiктi нығайтумен қатар, сапасын күшейтуге де кең жол ашатыны сөзсiз.

Нұрлан Нығматулин Елбасының әлеуметтiк бастамаларын жүзеге асыру әрбiр өңiрге тың серпiн беретiнiн және халықтың әл-ауқатын көтеруге зор ықпал ететiнiн атап өттi.

(ҚР Парламентi Мәжiлiсi Аппаратының Баспасөз қызметi)

Президент бастамалары Солтүстiк Қазақстан тұрғындарына тың серпiн бердi

Президент бастамалары Солтүстiк Қазақстан тұрғындарына тың серпiн бердi

Президент бастамалары Солтүстiк Қазақстан тұрғындарына тың серпiн бердi

Президент бастамалары Солтүстiк Қазақстан тұрғындарына тың серпiн бердi

Президент бастамалары Солтүстiк Қазақстан тұрғындарына тың серпiн бердi

Президент бастамалары Солтүстiк Қазақстан тұрғындарына тың серпiн бердi

Президент бастамалары Солтүстiк Қазақстан тұрғындарына тың серпiн бердi

Президент бастамалары Солтүстiк Қазақстан тұрғындарына тың серпiн бердi

Президент бастамалары Солтүстiк Қазақстан тұрғындарына тың серпiн бердi

Президент бастамалары Солтүстiк Қазақстан тұрғындарына тың серпiн бердi

Президент бастамалары Солтүстiк Қазақстан тұрғындарына тың серпiн бердi

Президент бастамалары Солтүстiк Қазақстан тұрғындарына тың серпiн бердi

Қаралым саны: 1027
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасыДорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы