A- A A+
Солтүстiк Қазақстанда бизнестi тексеру 30% қысқарады

Мақаланың шыққан күні 12.04.2018

Солтүстiк Қазақстанда бизнестi тексеру 30% қысқарады

ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсiпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Солтүстiк Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келдi. Сапар аясында Тимур Құлыбаев пен облыс әкiмi Құмар Ақсақалов, бизнес қауымдастық пен мемлекеттiк органдардың қатысуымен СҚО кәсiпкерлер палатасы өңiрлiк кеңесiнiң кеңейтiлген отырысы өттi.

Тимур Құлыбаев «Атамекен» жұмысының негiзгi нәтижелерiн белгiлеп, 2013-2017 жылдары ҰКП-ға бизнестi қорғау бойынша 22 мыңнан астам арыздың түскенiн баса айтты. Арыздардың 40% оңынан шешiлдi. Сөйтiп, кәсiпкерлердiң 92 млрд. тг. астам мүлiктiк құқықтары қорғалды.

Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов баяндамасында өңiрде бизнестiң қарқынды түрде дамып жатқанын айтып, бiрнеше цифрларды келтiрдi. Қазiр өңiрде 27 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектiлерi жұмыс iстейдi, онда 100 мыңнан аса адам еңбектенуде. Былтыр өндiрiлген өнiм көлемi 16%, салық көлемi 24% артқан. Салықтың жартысынан көбi шағын және орта бизнестен келiп түскен. Қазiр iшкi өңiрлiк өнiмде шағын және орта бизнестiң үлесi 25% құрайды. 2017 жылы бизнесмендердi несиелеу 1,3 есеге артқан. «Бизнестiң жол картасы» өңiрдегi кәсiпкерлiктiң дамуына серпiн бердi. Алайда, облысқа бөлiнген қаржы жеткiлiксiз, осы орайда өңiр басшысы Тимур Құлыбаевтан республикалық деңгейде көмектесуiн сұрады.

Аймақ басшысы өткен жылғы кездесуден кейiнгi оң өзгерiстер жайында да сөз қозғады.

«Бiз былтырғы бiздiң кездесуден соң нақты жоспар құрып, оған 100 шара енгiздiк. Бiрiншiден, жер үлестерi, толық жоспарлау және табиғи монополиялар субъектiлерiнiң бос қуат көздерi туралы ақпарат ашық түрде берiлетiн болды. Бұл бизнестiң даму жоспарын құруға мүмкiндiк бердi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Электр-жылумен қамтамасыз ету бойынша техникалық шарттарды алуда қиындықтардың туып келгенi белгiлi. Қазiр монополистермен бұл процестi автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

Облыс әкiмi өңiрде бизнеске қысымның әлдеқайда азая түскенiн, яғни тексерiстердiң азайғанын атап өттi.

«Былтыр облыста тексерiстердiң көлемi 26% қысқарды. Мысалы, кiрiстер департаментi мен өрт сөндiрушiлер бұл жұмысты 50% қысқартты. Биыл барлық тексерiс түрлерiн тағы 30% қысқартуды көздеп отырмыз», — деп атап өттi өңiр басшысы.

Өңiрде мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыру бойынша бiраз шаруа атқарылды. Мысалы, кiрiстер департаментi 32 қызметтi сандық жүйеге ауыстырды. Сөйтiп, қазiр тек салық төлеу саласындағы қызметтердiң 67% автоматтандырылды. Мемлекеттiк сатып алулардағы ашықтық тек автожолдарды салу саласында 1 миллиард теңгенi үнемдеуге мүмкiндiк бердi.

Барлық консултативтi-ақылдасу органдарында мүшелердiң жартысын кәсiпкерлер құрайды. Барлық атқарылған жұмыстардың арқасында бизнестi жеңiл жүргiзген өңiрлер рейтингiсiнде облыс 4-шi орынға ие болды.

Солтүстiк Қазақстанда бизнестi тексеру 30% қысқарадыСолтүстiк Қазақстанда бизнестi тексеру 30% қысқарадыСолтүстiк Қазақстанда бизнестi тексеру 30% қысқарадыСолтүстiк Қазақстанда бизнестi тексеру 30% қысқарадыСолтүстiк Қазақстанда бизнестi тексеру 30% қысқарады

Қаралым саны: 766
Сұрақ қою Өмiрбаян Сөз сөйлеулер

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Іргебайұлы Ақсақалов

Мамыр 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Әкімнің блогы
МО басшыларына сұрақ қою
Халықтық бақылау
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайтыҚазақстан Республикасының Премьер-Министрі Официальный ресурсАссамблея народов КазахстанаСтратегия Казахстан 2050Астана — Ұлы дала елордасыДорожная карта«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіҚазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынадыҚазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің деректер базасыtrade.gov.kzӘкімдіктің электрондық қызметтеріortcom.kzАлтын сапаМодернизация пенсионной системыЦели 2017Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіЗащита бизнеса СКОЦентр оценки эффективности деятельности государственных органов Республики Казахстан  Зимняя Универсиада – 2017ҚР инвестиция және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетіҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығыСот кабинеті«Қазақстан — ұлы дала елі»Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан — «Атамекен» Электрондық еңбек биржасы БжЗқ зейнетақы қорыkazakhstan.travelwww.business.gov.kzIfk.kzказконтентДоступное жильё 2020www.kdb.kzҚазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығыGalam TV Ұлттық телерадио хабарларын таратуТелерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторыБәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңесҚазақстан-Петропавл«ШАПАҒАТ» республикалық форумыҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы100 жаңа есімҚазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
ТИЦ

@2018 Солтүстiк Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы